V Азия ойындары сайтындағы ақпараттарға сүйенсек, ерлер арасындағы ядро лақтыру бәсекесінде отандасымыз Иван Иванов ядроны 19.60 метрге лақтырып, алтын медаль иеленді. Сондай - ақ, бұл нәтиже жабық ғимаратта өтетін Азия ойындарының жаңа рекорды болып тіркелді.
Ал ерлер арасында сырықпен секіру бәсекесінде Сергей Григорьев топ жарды. Қазақстандық атлет 5.40 метр биіктікті бағындырып, ел қоржынына екінші алтын медаль салды. Сонымен қатар, бұл нәтиже де Азия ойындарының жаңа рекорды болып жазылды.