«Алтынды» Перизат Жақыпбекова (белбеу күресі), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев және Қазақстанның ерлер командасы (велотрек) алып келсе, «қоланы» Әлихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның жүзуден ерлер командасы, Сергей Пономарев (велотрек) және Ұлжан Дүйсембаева (белбеу күресі) сыйлады.
Жеті күнгі жарыстан кейін Қазақстан 46 медальмен (14-12-20) жалпы есепте бесінші орында тұр.
Бірінші орында 175 медальмен (69-51-55) - Түрікменстан, екінші орында 66 (17-14-35) медальмен - Иран және үшінші орында 77 (16-19-42) медальмен Өзбекстан келеді.