В.Божко оқу жылының алдында білім беру мекемелерін қадағалауды жіті назарға алуды тапсырды

ТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко ведомствоға қарасты қалалар мен облыстардағы құрылымдардың басшыларына оқу жылының алдында

мектептер мен мектепке дейінгі білім мекелелерін қадағалауды жіті назарға алуды тапсырды.

Бүгін Астанада ҚР ТЖМ басшысы Владимир Божконың төрағалық етуімен қалалық және аудандық төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) мен облыстық департаменттер басшыларының қатысуымен алғашқы республикалық семинар-кеңес өз жұмысын бастады. Оған елдің барлық өңірінен 250-ден астам басшысы қатысуда.

«Жаңа оқу жылының алдында мектептер мен мектепалды мекемелерді ерекше назарға алу керек. Әсіресе, анықталған кемшіліктерді жою мәселесін. Жуырда Үкімет отырысында мен, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі туралы хабардар еттім. Нақты цифрларды келтірдім. Әрине, әкімдіктер, білім беру және денсаулық сақтау органдары біздің ескертулеріміз бойынша шаралар қолданып жатыр. Дегенмен, бұл біздің аталмыш бөліктегі қадағалауымызды бәсеңдетуге негіз бермейді», - деп атап өтті ол.

Еске салайық, 16 тамыз күні Үкімет отырысында В.Божко, Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның 5 мың 178 білім беру мекемесінде өртке қарсы қауіпсіздік жағдайына тексерулер жүргізгендігін, олардың нәтижесінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің 17 мыңнан астам бұзушылығы анықталғандығын баяндаған болатын.