В.Божко ШҚО-ға су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуге уәде етті

None
ӨСКЕМЕН. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко облыс басшылығына су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге барынша қаржылай көмек көрсетуге уәде етті.

В.Божко жағдай «қауіпті» екендігін мойындады. Биыл қардың деңгейі 2010 жылғы жағдайдан үш есеге артық. Сулы нысандарда мұздың қалыңдығы 1 метрге жуық. Жер де қалың тоңдаған, бұл күрт жылыну кезінде қосымша қиындықтарды тудырады. Осы мәселелердің барлығы облыс әкімдігінде барлық аудандар мен қала әкімдерінің қатысуымен өткен бейнеконференция барысында айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, кешегі кеңес басталмас бұрын ҚР ТЖМ басшысы аймақ әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге бірқатар белгіленген аудандарға барып, ондағы «аса қарлы» жағдаймен танысты. В.Божконың басқаруындағы ҚР ТЖМ-ның жұмыс тобы Көкпекті ауданы, Риддер қаласында болды, Зырян ауданындағы Тұрғысын ауылының жанындағы дамбыны көрді, қар басқан Зимовье және Секисовка ауылдарының жағдайымен танысты, Ұмыш өткелін тексерді.

ҚР ТЖМ басшысы аймақтың төтенше жағдай қызметтерінің су тасқынына қарсы дайындық деңгейлерін тексерді.