«Қызылорда облысының әкімдігі жаңа стансыны министрлік қарамағына бере алмайтындығын алға тартып отыр, бұл менің таңданысымды тудырады. Өйткені оның құрылысына мемлекет бюджет аясынан қаржы бөлді ғой және ол суда құтқару стансысы ретінде салынды. Ал суда құтқару бөлімшелері өткен жылдан бастап біздің қарамағымызға берілген болатын. Сондықтан олар нысанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қарамағына берулері керек болатын, алайда бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр», деді ол өз сөзінде.
Сонымен қатар министрдің айтуына қарағанда, ҚР ТЖМ сәйкес өтінішті облыс әкімдігіне бірнеше мәрте жолдаған. Алайда оң жауапты әлі күнге дейін ала алмай отыр.
Айта кетейік, өткен жылы Сырдария өзенінде құтқару операцияларын жүргізу мақсатында сметалық құны 172,1 млн. теңге болатын суда құтқару стансысы салынып, іске қосылған болатын.