АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Владислав Челах не себепті шекарашыларды өлтіргендігін түсіндірді. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен брифингте В. Челахтың тергеу барысында көрсетілген бейнематериалында жазылған.
Оның айтуынша, шекара бекетінде оны жиі кемсіткен көрінеді. Осындай жанжалдардың бірі 28 маусым күні нарядты жіберу кезінде орын алған.
Брифингіде сондай-ақ В.Челах тауда жүргенде шекарашылардың бірінің фотоаппаратымен түсірілген фотосуреттер және бейнежазба көрсетілді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.