«ҚР Жоғарғы сотына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Владислав Челахтың қолдаухаты түсті», - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процессуалдық кодекс баптарына сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген тұлғалардың қолдаухаттары Жоғарғы соттың қадағалаушы сот алқасының отырысында қаралуы тиіс. Қолдаухатта оның ісін қайта қарау жөнінде өтініш жазылған.
Еске сала кетейік, В.Челах «Арқанкерген» шекара қосынында 15 адамды өлтірді деген айыппен 2012 жылы сотталған болатын.