В.Черномырдин Ресейдің Украинадағы Елшісі қызметінен босатылды

МӘСКЕУ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Ресей басшысы Дмитрий Медведев өз жарлығымен Виктор Черномырдинді Ресей Федерациясы Президентінің кеңесшісі етіп тағайындап,

оған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілдің міндетін жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Д.Медведев сондай-ақ осы жарлықпен В.Черномырдинді Ресей Федерациясының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты.