АСТАНА. KAZINFORM — Отандық спортшылар 5 кездесудің алғашқысын жеңіспен бастады. Енді Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Испания, Грузия және Мажарстанға қарсы кездесулер өткізеді.
Айта кетейік V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында асық атудан сайыстар «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатыр.
Ертең күні бойы жартылай финал сайысы өтеді.
Финалдық кездесулер 11 қыркүйекке жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан медальдар кестесінде көш бастап тұрғанын жазған болатынбыз.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)