Бүгін Ақордада ҚР Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шанг осылай мәлім етті.
«Вьетнам Қазақстанның аймақтағы және халықаралық сахнадағы рөлі мен қызметін жоғары бағалайды. Біз Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Азиядағы өзара сенім шаралары ұйымының жұмысы туралы жақсы білеміз. Бүгінде ол жұмыс күшейіп келеді. Вьетнам өз кезегінде осы ұйымның барлық мақсат-міндеттерін қолдайды. Сондықтан біз Қазақстанмен және осы ұйымға мүше басқа да мемлекеттермен бірлесе отырып, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында еңбек ететін боламыз. Негізі Қазақстан мен Вьетнам екіжақты байланыстарды әрі қарай дамытып, халықаралық сахнада бір-бірін қолдауға мүдделі. Осының арқасында біз ұлттық мүддені қорғап, әділ әрі демократиялық әлемнің қалыптасуына өз үлесімізді қоса аламыз», -деп атап көрсетті Вьетнам Президенті Ч. Тан Шанг.