Вьетнам құтқарушылары із-түзсіз жоғалып кеткен 50-ден астам теңізшіні іздеп жатыр

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Вьетнам билігі Оңтүстік-Қытай теңізінде іс-түзсіз жоғалып кеткен 28 балықшыны құтқару жөніндегі операцияны жүргізіп жатыр, деп хабарлады Вьетнамның Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына сілтеме жасаған Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Бұл ақпаратты РИА жаңалықтар агенттігі таратып отыр.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, ауа-райының қолайсыздығынан 16-19 желтоқсан аралығында аймақ бойынша балық аулауға шыққан 22 қайық аударылып кеткен. Құтқарушылар әзірге 155 балықшыны тауып, оларды ажал аузынан арашалап алды.

17 желтоқсан күні суға батып кеткені анықталған Phu Tan вьетнамдық контейнер ішіндегі 23 теңізшіні де іздеу жұмыстары жалғасуда.