Вьетнам мен Қытай теңіз мәселелерін бейбіт жолмен реттегісі келеді

ХАНОЙ - БЕЙЖІҢ. 17 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Вьетнам мен Қытай Оңтүстік-Қытай теңізіндегі тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдау және екі ел арасындағы қарым-қатынасты сақтау үшін кез келген өткір мәселелерді сындарлы жолмен шешеді.

Бұл туралы Бүгін Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихаты барысында екі елдің осы мәлімдемесіне деген Филлипин жағының қарсылығына қатысты жағдайды түсіндіре келе ҚХР СІМ ресми өкілі Лю Вэймин мәлім етті.

Қытай дипломатының айтуынша, Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысы Нгуен Фу Чонгтың 11 қазан мен 15 қазан аралығында Қытайға жасаған бірінші сапарының қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, Қытай мен Вьетнам теңізге қатысты кез келген мәселені келіссөздер мен достық консультациялар арқылы бейбіт жолмен реттеуге, сондай-ақ Оңтүстік Қытай теңізіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға деген саяси ерік-жігерлері мен дайындықтарын қуаттады.

«Тараптардың ешқайсысы екі партия мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұзуға жол бермеуі керек», - делінген бірлескен мәлімдемеде.

ҚХР СІМ ресми өкілі хабарлағандай, Филлипин мен Қытай да Оңүстік-Қытай теңізіне қатысты даулы мәселелерді Филлипин мен Вьетнам арасындағы тікелей келіссөздер арқылы шеше алады.