Вьетнам полициясы қашып кеткен 400 нашақорды іздестіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам полициясы нашақорларға арналған оңалту орталығынан қашып кеткен 400 науқасты іздестіруде.

Жергілікті биліктің деректеріне сүйенсек, Хайфон қаласында науқастар қақпаны бұзып сауықтыру орнынан қашып кеткен.

Сондай-ақ қашқындар жақын орналасқан үйлерді де зақымдаған, билік орталық, дүкендер мен басқа да мекемелер орналасқан ауданды жапты.

30-ға жуық емделуші өз еріктерімен ауруханаға қайтып келген. Вьетнамда нашақорлар мамандандырылған орындарда екі жылдық сауықтырудан өтуге міндеттеледі, алайда мұндай жағдай көбінесе көпшіліктің қарсылығын тудырып жатады.