екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін өз елінің министрліктері мен ведомстволарына және Сауда өнеркәсіптік палатасына қазақстандық компанияларға барынша көмек көрсетуді тапсырды.
«Бүгінде көптеген вьетнамдық компаниялар Қазақстанда жұмыс жасауда, сондай-ақ қазір екі ел үкіметтерінің қолдауымен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Алайда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты алға жылжытуда кейбір қиындықтар да бар. Мәселен, бұл тауарларды тасымалдауға байланысты болып отыр», - деді Вьетнам Президенті.
Осы орайда ол, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер барысында бұл тұрғыдағы мәселелерді шешу жөнінде келісілгенін жеткізді.
«Атап айтқанда, біз екі ел арасында тікелей әуе бағдарын жақын арада ашуды келістік, сондай-ақ Қазақстанның елшілігін Вьетнамда ашу мәселен талқыладық. Бұдан бөлек, Қазақстан аумағында тауар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорынды құру мүмкіндігін қарастырудамыз», - деді Чыонг Тан Шанг.
Сөз соңында ол Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара сауда әлеуетінің мүмкіндігі зор екенін қадап айтты.