Вьетнам шахтасында өрт салдарынан 6 жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Вьетнамның солтүстігіндегі көмір шахтасында алты кенші қаза тапты. Бұл туралы жергілікті шенеуніктердің бірінің мәліметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.

Өрт кеше кешкұрым басталған. Алты кеншінің денесі бүгін таңертең жер үстіне шығарылды. Бір жұмысшының денесін күйік шалған. Туннельде 30 метрден 105 метрге дейінгі тереңдіктерде тілсіз жаумен күресу шаралары жалғасуда.