Бірақ сол кездегі Кеңес үкіметінің құпия тапсырмасымен Вьетнамда ракеталық атқыштар полкы құрамында жергілікті әскерилерді оқытып, кейін ұрыс қимылдарына да қатысқан. Бір жарым жылдай сұрапыл соғыста болған сырбойылық сарбаз елге оралғаннан кейін өз мамандығы бойынша дәрігерлік қызмет атқарды. Ұзақ жылдар бойы Қуаңдария ауылындағы аурухананы басқарды. Құпия тапсырманы орындағандықтан, Иса Бисеновтің әскери билетіне Вьетнамдағы соғысқа қатысқаны туралы мөр басылмаған. Тіпті «Ерлігі үшін» медалі берілгенмен, оның да нөмірі жоқ екен. Ал осыдан 6 жыл бұрын Вьетнам президенті Иса Бисеновті қабылдап, сый-құрмет көрсеткен болатын.
«1966 жылы азаматтық киіммен, дипломатиялық құжатпен Қытай арқылы өтіп бардық. Содан 6 ай жауынгерлерді теориялық жағынан ракетаға оқыттық»,-дейді Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов.