Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін жарысқа биыл алаң иелерінің Ұлттық лигасының - бес, Оңтүстік Корея мен Қазақстанның бір-бір командалары және Австралияның құрамасы қатысуда. Нұрлан Садықов жаттықтыратын қарағандылықтар кеше «В» тобындағы алғашқы ойында вьетнамдықтардың «VTV-Binh Điền Long An» командасынан 0:3 (16-25, 11-25, 15-25) есебімен басым түсті. 3 наурыз күні олар үзіліс алды, жарысты «А» тобындағы командалар жалғастырады. Онда вьетнамдықтардың «TT Liên Việt Bank» мен «Tân Bình» және «VietsovPetro» командалары мен Австралия құрамасы өзара күш сынасады. Ал қарағандылықтардың алдағы күндердегі қарсыластары Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» және Вьетнамның өнеркәсіп және коммерция банкінің «Ngân hàng Công thương» командалары болмақ. Бұған дейін бұл екі команданың арасындағы ойында 3:2 есебімен банк өкілдері жеңіске жеткен еді.
Жалпы жүлде қоры 26 000 АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста, жеңімпаз - 12 000, күміс жүлдегер - 7 000, қола жүлдегер - 5 000 доллар сыйақы алады. Сондай-ақ үздік ойыншыларға да арнайы жүлделер тағайындалып отыр. Олардың есімдері 10 наурыздағы ақтық ойыннан кейін белгілі болады.
Былтыр бұл дүбірлі додада Қазақстанның ұлттық құрамасы бесінші орынды қанағат тұтқан болатын. Биыл қарағандылықтардың бас бапкері мына ойыншыларға үміт артуда: Юлия Лонюк, Кристина Алексеева, Наталья Журба, Ганна Лагутенко, Екатерина Акилова, Наталья Акилова, Инна Герман, Вероника Живцова, Мария Пацюркевич, Станислава Яворская, Елизавета Шепеленко, Ирина Мягкая.
00:31, 04 Наурыз 2013
«Вьетнам телевидениесі кубогы» халықаралық турнирін қарағандылық волейболшылар сәтті бастады
АЛМАТЫ. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Вьетнамның Гиа Лай қаласында волейболдан әйелдер арасында "Вьетнам телевидениесі кубогы" VII Халықаралық турнирі («The 7th VTV-Binh Dien Cup 2013») өтуде.