Сырқатқа, негізінен, жастар шалдыққан. Ел Үкіметі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан көмек сұрады.
«Интерфакс-Казахстан» хабарлағандай, аурудың алғашқы белгілері - дене қызуының көтерілуі, асқа тәбеттің жоғалуы және аяқ-қолда бөртпелердің пайда болуы. Қазіргі таңда ауруханаларда 100-ге тарта адам жатыр, оның 10-ының жағдайы өте ауыр. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, аурудың белгілерін ертерек байқап, дәрігердің көмегіне жүгінсе, ем оң нәтижесін береді, алайда көмек уақытында көрсетілмесе, алдымен бауырға зиян келіп, сосын басқа да органдар зақымдануы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, болған жағдайға байланысты ел Үкіметі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан аурудың себептерін анықтау үшін арнайы мамандар жіберуді өтінді.