Өзгеше жобаны Ole Scheeren архитектуралық бюросы дайындаған. Жоба бойынша, ғимараттың биіктігі 333 метр болмақ. Ол Вьетнамдағы ең биік нысан атанғалы отыр, деп хабарлайды Inhabitat.
Empire City қасбетінің әр қабатындағы ағаштардың болуына орай бұл жобаны «биіктіктегі орман» деп атауда.
Жоба бойынша, ғимараттың жоғары қабатында қонақүй, сауда нүктелері және офистер орналаспақ. Әзірге құрылыстың қашан басталатындығы айтылмай отыр.