Еркіндікке ауыр қылмыс жасамаған және мерзімінің жартысын өтегендер шыға алады. Әр ай сайын билік сотталғандарды бір бөліктен босатып отырады.
БАҚ-тың хабарлауынша, Вьетнамда әрбір қылмыскерді түрмеде ұстау үшін ел бюджетінен жылына 440 доллар жұмсалады. Сотталғандардың жартысын босатып, Вьетнам билігі жылына 9 млн доллар үнемдемек.
Бостандыққа шыққандардың көбі полиция бақылауында болады.
02:32, 28 Шілде 2016
Вьетнамда бюджетті үнемдеу мақсатында сотталғандар түрмеден босатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам үкіметі алдағы екі жыл ішінде түрмелерде отырған 20 мың адамды бюджетті үнемдеу мақсатында бостандыққа жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.