Вьетнамда екі Су-22 жойғыш ұшағы соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екі вьетнамдық жойғыш ұшақ Фуку аралының маңында соқтығысып қалған.

Би-би-си-дің хабарлауынша, екеуі де Ресейде шығарылған Су-22 ұшағы болған. Алдын ала ақпарат бойынша, олар жаттығу кезінде соқтығысып, Оңтүстік Қытай теңізіне құлаған. Ұшақ ұшқыштары катапульта жасап үлгерген, алайда олар әлі табылған жоқ. Су-22 жойғыш ұшағы кез келген жағдайда және кез-келген уақытта жер бетіндегі және су астындағы нысандарды жоюға бағытталған.