НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Вьетнамның оңтүстігінде караоке-барда 32 адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Euronews.com.
Өрт 6 қыркүйек күні кешке қарай ғимараттың екінші қабатынан шыққан. Қою түтін әп-сәтте саты мен апат болған жағдайда шығатын жолды тұмшалап үлгерген. Клиенттер мен караоке-бардың қызметшілері осылайша қамалып қалған.
Олардың кейбірі оттан қашам деп балконнан секіріп, жан сауғалаған.
Полицияның мәліметінше, ішке кіретін жол әлі де жабық. Сондықтан құрбандардың саны бұдан да артуы мүмкін.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.