Елде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, ауруханаға жатқызылған науқастар саны артты.
Вьетнамда COVID-19-дан емделіп шыққан науқастар ауруханаларда жұмыс істеуге шақырылды. Жоба Хошимин қаласында жүзеге асырылуда: вирустың өршуіне байланысты дәрігерлердің жүктемесі артып, мамандар үлгермей жатыр. Сонымен қатар, бүгінде Вьетнамда коронавируспен сырқаттанғандар бойынша тәуліктік антирекорд – 12 096 жағдай тіркелді.
Delta Air Lines авиакомпаниясы әр вакцинацияланбаған қызметкерінен ай сайын 200 доллардан ақы ала бастайды. Тасымалдаушы өз қызметкерлерін COVID-19 вакцинациясына итермелеу үшін айыппұл салған алғашқы ірі американдық компания болды. Шара медициналық сақтандырумен қамтылған және 2021 жылғы 1 қарашаға дейін екпе алмаған қызметкерлерге қолданылады.