Прокуратураның мәліметінше, үкімет бұл компания кеме саласында көшбасшы болады деп жоспарлаған еді, алайда оның капиталы жылжымайтын мүлікке жұмсалып, концерн белшесінен қарызға батты.
Дыонг Ти Дунг және Май Ван Фук атты бұрынғы директорлар мемлекеттік қазынаның миллион доллар қаржысын ысырап етті деп айыпталған.
Сотталғандардың қорғаушыларында шығарылған үкімге шағымдануға 14 күн уақыттары бар. Вьетнамның басқарушы Компартиясы халықтың наразылығына байланысты жемқорлық үшін қатаң жазалауға уәде берді.