Бүгін жергілікті билік хабарлағандай, жолаушылар мінген автобус көпірдің жақтауларын соғып өтіп, аударылып, өзенге құлаған.
Қайғылы оқиға бейсенбіден жұмаға қараған түні Хошимин қаласы мен Даклак елді мекенін қосатын тас жолда орын алған. Апаттың себептері әзірге белгісіз.
Айта кетейік, нашар реттелетін жол қозғалысы Вьетнамдағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жыл сайын елдің жолында 11 мың адамға дейін көз жұмады.