Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ВСР-ның 63 провинциясы мен қалаларында құрылған 184 аумақтық сайлау округінде 91 мыңнан астам учаске ашылды.
14-ші шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың 500 депутаттық мандатына үміткерлердің соңғы тізіміне 870 адам кірген. Сайлаудың ресми қорытындылары 11 маусымда жарияланады.
15:43, 22 Мамыр 2016
Вьетнамда парламент сайлауы өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) конституциясына сәйкес, 18 жастан жоғары 69 млн-нан астам адам жексенбі күні биліктің жоғары органы болып табылатын Ұлттық жиналыс (парламент) депутаттарын сайлауға қатысып жатыр, деп хабарлады ТАСС.