Вьетнамда пойыз бен автобус соқтығысып, сегіз адам опат болды

АСТАНА. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат - Ханойдың шетінде пойыз бен автобус соқтығысу салдарынан кемінде сегіз адам мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Опат болғандардың арасында - автобустың жеті жолаушысы, сондай-ақ апаттың қатысушысы болған мотоциклші бар.