Вьетнамда су тасқынынан келген экономикалық шығын 55 млн. доллардан асты

ХАНОЙ. 15 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Вьетнамда маусымдық жауынның салдарынан туындаған су тасқынында 24 адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті БАҚ. 60 мыңнан астам үй су астында қалды, табиғат апатынан келген экономикалық шығын 55 млн. доллардан асты.

Болжам бойынша, жақын арада Меконг өзеніндегі су деңгейі әлі де көтеріле түспек, аталып өтілгендей, жауын-шашын айдың соңына дейін созылады.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айынан бері Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері табиғат апаттарына жиі ұшырап отыр. Бұл аймақта су тасқыны мен тайфундардың салдарынан 650 -ден астам адам қаза тапты, шамамен 8 млн. адам зардап шекті. Ең көп зардап шеккендер Тайланд, Вьетнам, Лаос пен Филиппинде.