Вьетнамда Зика безгегін жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді
11:05, 05 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнам аумағында Зика вирусын жұқтырған алғашқы жағдай анықталды. Республиканың Денсаулық сақтау министрлігі «Reuters» агенттігіне екі әйелде вирустың анықталғанын растады.
ДДСҰ мамандары Зика вирусы нәрестелердегі микроцефалия, Гийена-Барре синдромы, сирек кездесетін неврологиялық аурулармен байланысты екеніне сенімді.
Бұл індет буындарды әлсіретіп, сал болып қалу және басқа да неврологиялық ауытқуға соқтырады, деп хабарлады ТАСС.