Вьетнам метеорологиялық қызметінің мәліметінше, Филиппиннен батысқа қарай, теңізде қалыптасқан «Ноул» дауылы қазіргі кезде Парасель аралдарына жақындап қалған. Алдағы тәулікте табиғи апаттың Вьетнамның орталық провинциялары – Куангбинь, Тхыатхьен-Хюэ жағалауына, сондай-ақ Дананг қаласына жететіні күтіліп отыр.
Синоптиктер жағалаудағы аудандарда дауыл салдарынан қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болатынын, ал тауларда көшкін жүруі мүмкін екенін ескертті.
Вьетнам елінің ұлттық қорғаныс министрлігі апат салдарымен күрес жүргізу үшін ұлттық армияның әскери қызметкерлерін жұмылдырды. Орталық провинциялардың билігі тұрғындарды жаппай эвакуациялауға дайындалуда.