«Қазір ғана біз ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фооспен кездестік. Қазақстандағы сайлаудың заңнама талаптарына сай жоғары деңгейде өтуіне тілектеспіз. Біз сайлау күнінде елорданың аймақтық учаскелерінде болып, саяси науқанның қалай жүргізіліп жатқандығын байқайтын боламыз», - деді кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Армения Орталық сайлау комиссиясы персоналдармен қызмет бөлімінің жетекшісі Гоар Балаян.
Айта кетейік, 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын 957 шетелдік байқаушы байқайды. Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның - 286, ТМД Миссиясының - 301, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының - 9, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының - 76, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының - 14, Түркітілдес елдер ынтымақтастығы Кеңесінің - 17, Ислам ынтымақтастығы ұйымының - 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының - 8, шет мемлекеттердің 103 байқаушысы, мұнан бөлек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген 29 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 140 өкілі бар.