Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламенттің әр палатасы Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін қызметке тағайындайды. Сонымен қатар Конституцияның 58-бабы, 3-тармағы, 7-тармақшасына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін палата Төрағасы ұсынады. Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы Владимир Карлович Фоосты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасаған болатын.
В.Фоос заң саласында зор тәжірибеге ие. Ол 1990 жылдан ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Халық депутаттары Кеңестерінің жұмыстары жөніндегі мәселелер, басқару және өзін-өзі басқаруды дамыту комитетінің босатылған мүшесі, хатшысы. 1994 жылдан Жоғарғы Кеңестің 13-ші шақырылымы Комитетінің кеңесшісі. 1995-2000 жылдар аралығында ҚР Орталық сайлау комиссиясы заң бөлімінің кеңесшісі, меңгерушісі болып қызмет еткен. Ал 2000 жылы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалған. 2003 жылдан Орталық сайлау комиссиясының хатшысы, ал 2007 жылдан бүгінге дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары болып табылады.
Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.