В.Путин А.Сердюковтың орнына С. Шойгуды РФ Қорғаныс министрі етіп тағайындады

АСТАНА.  6 қараша. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин «Оборонсервис» ААҚ-да болған дауға байланысты (ұрлық көлемі 3 млрд. рубльге бағаланады) елдің қорғаныс министрі Анатолий Сердюковты отставкаға жіберді.

Қорғаныс министрлігінің басшысы қызметіне Мәскеу облысының губернаторы Сергей Шойгу тағайындалды, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

Сердюков мырзаның отставкасы туралы президент бүгін таңертең Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы С.Шойгумен болған кездесуде жариялады. Өткен аптада Владимир Путиннің резиденциясында Анатолий Сердюковтың өзі де болды. Ол кезде президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Президент тергеуге көмектесуге тапсырма берді» деп мәлімдеген болатын. Қазан айының аяғында тергеушілер Қорғаныс министрлігінің бақылауындағы «Оборонсервис» ААҚ-ның жер және акциялармен жасаған алаяқтығы үшін бірден бес қылмыстық іс қозғады.