В.Путин Астанадағы Успен кафедралды шіркеуіне барды
17:02, 15 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанадағы Успен кафедралды шіркеуіне барды.
РФ Президентімен бірге Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен архимандрит Сергий Карамышев бірге жүрді, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметінен.