В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, игілік және жұмысына табыс тіледі.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында Ресей Президенті Елбасын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Екі ел көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.