В.Путин Қазақстанның соғыс ардагерлеріне алғыс айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қазақстандық ардагерлерге жеңіс үшін алғыс айтты.

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ресей Президенті Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Абхазия, Оңтүстік Осетия басшыларын, сонымен қатар Грузия және Украина азаматтарын Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.

Ресей Президентінің құттықтауында Ұлы Жеңіс күні әлемді нацизмнен құтқарған халқымыздың ортақ, құнды жетістігі екені айтылған.

Ресей мемлекетінің басшысы Ұлы Отан соғысы жылдары нығая түскен бауырлас, достық - халықтар арасындағы қарым-қатынастың күшеюіне ықпал етіп, қазіргі уақытта және болашақта ұрпақтарымызға үлгі боларына сенім білдірді.

В.В.Путин Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне алғыс айтып, оларға мықты денсаулық пен береке тіледі.