В.Путин Киевте Русьтің христиан дінін қабылдағанына 1025 жыл толуына арналған салтанатты мінәжатқа қатысты

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин бүгін Киевте Русьтің христиан дінін қабылдағанына 1025 жыл толуына арнаған салтанатты мінәжатқа қатысты, деп хабарлады РБК.

Киевте, Владимир қыратында өткен салтанатты шараға сондай-ақ Украина президенті Виктор Янукович, православ жамағаты тұратын елдердің мемлекет басшылары мен делегациялары, православ шіркеулерінің өкілдері қатысты.

Мінәжат рәсімін Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл өткізді. Ол Ресей мен Украина басшыларына салтанатты әзірлегені және оған қатысқаны үшін алғыс айтты.

Русьтің православ дінін қабылдауы 2010 жылы ресми мереке мәртебесіне ие болды, ол 28 шілдеде аталып өтіледі.

В.Путин Киевке ресми сапары ауқымында Украина президенті Виктор Янукоичпен кездесті, сондай-ақ оның Украинаның православ шіркеуінің Қасиетті Синоды мүшелерімен кездесіп, Қасиетті Успен Киев-Печер Лаврында болды.

Салтанат Крещатикте мерекелік концертке жалғасты.