қауіпсіздік мәселелерін және Э. Сноуденге байланысты жағдайды талқыға салды.
Бұл туралы РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасаған РБК жазып отыр.
«Америкалық тараптың бастамасымен РФ және АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті. В. Путин мен Б.Обама екіжақты ынтымақтастық және қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Олар Э. Сноуденге байланысты жағдайды да талқылады», - деді Д. Песков.
Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джей Карни Барак Обаманың Владимир Путинге қоңырау шалуы жоспарланғанын мәлімдеген болатын.