В.Путин мен Д.Кэмерон қызтекелер құқығын талқылады

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмерон Ресей Президенті Владимир Путинмен әңгімелесті. Бұл туралы британдық саясаткер өзінің Twitter-дегі шағын блогына жазды.

«Түнгі сағат 2-де президент Путинмен кездестім. Сирия жайында ашық сөйлестік. Сондай-ақ мен қызтекелер құқығы туралы мәселені көтердім», - делінген хабарламада.