В.Путин Сочида ойынхана аймағын ашуға қарсы

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Президенті Владимир Путин Сочиде ойынхана аймағын ашуға қарсылық білдіруде. Бұл туралы ол қысқы Олимпиадалық ойындарға әзірлік жөніндегі қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесуде айтты, деп хабарлады «Россия 24».

«Біз ойынхана аймағы Ростов облысы мен Краснодар өлкесінің шекарасында бар, деп уағдаластық, бұдан әрі тіпті Қара теңіз жағалауына шығуға да рұқсат беруге дейін бардық. Бұл инвесторлар қаржысын қайтару мәселесін жеңілдететініне қарамастан, осы өңірде тағы бір аймақ ашу, менің ойымша, жөнсіз», - деді В.Путин.