«Бұл қылығым үшін Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Менің спорттық мансабыма нүкте қоюға Илья Ильиннің құқығы жоқ», - деп жазды Седов.
12:24, 08 Маусым 2016
В. Седов ҚР чемпионаты кезіндегі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының ауыр атлеті Владимир Седов өзінің Instagram-дағы парақшасында ҚР чемпионаты кезіндегі қылығы үшін кешірім сұрап, екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинге наразылық білдірді, деп жазды Sports.kz.