В.Школьник «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды
17:11, 21 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының 2009 жылғы мамырдың 21-індегі шешімімен Мұхтар Жәкішев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынысымен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы шешіммен және ҚР Үкіметінің келісімімен «ҚазАтомөнеркәсіп» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне Владимир Сергеевич Школьник тағайындалды, ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігін басқарып келген болатын.