В.Яковлев Лондон Олимпиадасында ынталандыру сайысының ақтық сынына өтті
16:23, 31 Шілде 2012
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Академиялық ескек есуден Лондон Олимпиадасында ширек финалға өте алмай қалған жерлесіміз В.Яковлев
ынталандыру сайысының ақтық сынында өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Яковлев 7:33.29 уақыт көрсетіп, өз тобында екінші орынға ие болды. Осылайша қазақ спортшысы ынталандыру сайысының ақтық сынына жолдама алды.