Вадим Краснослободцев «Барыс» хоккей клубынан кетті

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасының шабуылдаушысы Вадим Краснослободцев астаналық «Барыс» клубынан кетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ол жаңа маусымда Нижний Новгородтың «Торпедо» клубы үшін тер төгеді. 29 жастағы спортшы аяқталған чемпионатта 12 пайдалылық көрсеткішімен 44 кездесуден 30 ұпай (10-20) жинаған болатын.

Ал бұған дейін «Барыспен» келісімшартты Найджел Доус, Дастин Бойд, Роман Савченко мен Самвел Мнацян ұзартқаны белгілі болды.