НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» бразилиялық футболшы Вагнер Лавпен келісім-шарт мерзімін тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті
Вагнер Лав 1984 жылдың 11 маусымында дүниеге келген. Кәсіпқой футболдағы алғашқы қадамын 2002 жылы Бразилияның «Палмейрас» командасында бастаған. Одан кейінгі жылдарда Ресейдің ЦСКА, Бразилияның «Фламенго», Қытайдың «Шаньдун Лунэн», Францияның «Монако», Түркияның «Аланьяспор» және «Бешикташ» командаларында ойнаған. Бразилия құрамасы сапында 20 матч өткізіп, төрт гол соқты.
Биылғы жылдың маусым айында «Қайрат» командасымен жыл-соңына дейін келісімшартқа қол қойған болатын.
Естеріңізге сала кетелік, биыл «Қайрат» бірнеше тур бұрын өз тарихында үшінші мәрте чемпион атанды. Алдағы жылы команда UEFA Чемпиондар лигасында сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.