«Астана-Петропавл бағыты бойынша №901 қосымша пойыздың жолаушыларына билет құнының бір бөлігі қайтарылады», - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Петропавл» бағытындағы № 901 пойыздың жолаушыларын тамақпен қамтамасыз етті.
Еске салайық, бүгін таңғы сағат 04.27-де «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтағанын жазған болатынбыз.
Жолаушылар «Мырза – Шоқай» аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4 «Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» (Тальго) пойызына отырғызылды.
Бурабай курорты, Көкшетау және Петропавл станцияларына бағыт алғандар үшін Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін жеке құрам ұйымдастырылды.
Пойызда 184 жолаушы болған.
Тексеру жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.