Вагондағы жолаушы қасындағы үш адамды пышақтап тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк метросында жолаушы бір вагонда келе жатқан 3 адамды пышақтады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Полицияның хабарлауынша, оқиға №6 пойыздың вагонында болған. Айван ДеЛеон деген 38 жастағы жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, отырған баланың үстіне құлайды. Сол жерде ұрыс-керіс басталып, қанды оқиғаға ұласқан. Кінәсін мойындағанның орнына ол үш адамды пышақтап тастайды. Қылмыскер сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылған. Жараланған үшеуі ауруханаға жеткізілді, делінген мақалада.