Қаулыда білім ошақтарының бәрінде тамақтану процесі асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылуы керектігі айтылған.
Ал вакцина алған студенттерге жатақханада тұрып білім алуға мүмкіндік берілмек. Бірақ жасы 18-ге толмаған студенттерге бұл талаптың қатысы жоқ.
«Бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттер жатақханаға орналастырылсын. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі», - делінген жаңа қаулыда.
Аталмыш құжатта мектептердің бәрінде жаңа оқу жылы штаттық режимде басталатыны да айтылған.
«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», - деп жазылған қаулыда.