«Бүкіл әлемде антивакциналық қозғалыстарды белгілі бір күштер қаржыландырып отырады. Қазіргі таңда әлемнің кей жерлерінде алдын алу вакцинасынан бас тарту жағдайлары кездеседі. Вакцинадан бас тарту себебі де әртүрлі. Шынтуайтына келгенде қандай да бір жаппай вакциналау немесе қосымша иммундау шаралары жүргізілсе, мұндай ұйымдардың белсенділігі тіптен арта түседі. Сондықтан біз осыған ұқсас басқа да шаралардағыдай, осындай қарсылықпен бетпе-бет келіп жатамыз. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы біз де вакциналау – індеттен құтылудың бірден бір амалы екенін барынша түсіндіргіміз келеді», - деді Лена Қасабекова орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Дәрігер-эпидемиолог мамандардың вакцина шынында да тиімді екенін нақты дәлелдейтін фактілерді ұсынатынын мәлім етті.
Еске сала кетсек, бұған дейін елде наурыздан бастап вакцинацияға арналған қосымша екпе кабинеттері ашылатыны хабарланған болатын.