Өңір басшысының айтуынша, вакцинацияны мүмкіндігінше қол жетімді ету бойынша жұмыстар атқарылуда. Мамыр мерекелерінде жылжымалы медициналық кешендер ірі қалалардың саябақтарында жұмыс істейтін болады.
«Облыста 115 егу кабинеті ашылды, олардың өткізу қабілеті – күніне 8–9 мың адам. Адамдарға ыңғайлы болу үшін екпе кабинеттері төрт ірі сауда орталығында ашылып, осы аптада тағы үшеуінде пайда болады. Зейнеткерлерге үйге мобильді бригадалар келеді. Иммундау өнеркәсіп кәсіпорындарында орналасқан жерлеріне барып жүргізіледі. Мереке күндері, 1 және 9 мамыр мерекелерінде, сондай-ақ демалыс күндері халыққа вакцинация жүргізу үшін Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларының орталық және қалалық саябақтарында жылжымалы медициналық кешендер жұмыс істейтін болады», – деп хабарлады Жеңіс Қасымбек.
Өңір басшысының мәліметінше, облыс стационарларында коронавирустық инфекциясы бар 1 498 науқас емделуде.